ТОП-20 туристік бағыт: Түркістан. Екінші Мекке туралы не білеміз

Фото: pixabay.com

Еліміздегі ТОП-20 туристік бағыттың бірі – Түркістан қаласы. Ол 2024 жылғы түркі мемлекеттерінің туристік астанасы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі ТОП-20 туристік бағыттың бірі – Түркістан қаласы. Ол 2024 жылғы түркі мемлекеттерінің туристік астанасы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі туристік бағыттардың санын 10-нан 20-ға дейін кеңейтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңірінде зәкірлік жобалар жүзеге асырылатын басым туристік аймақтар анықталды.

Реклама
Реклама

Ішкі туризм ағынының қарқынды өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп туристік орындардың инфрақұрылымын дамыту жоспарын әзірледі.

Түркістан – Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Еліміздің оңтүстігінде, Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Түркістан облысының әкімшілік орталығы.

Орта ғасырларда қала исламның дамуы мен таралу орталығы болды. Кейіннен Түркістан Қазақ хандығының астанасына айналды. Содан бері қала бүкіл түркі мемлекеттерінің рухани орталығы, зиярат пен рухани дамудың орны ретінде үздіксіз дамып келеді.

"Қалың жұртшылық қаланы екінші Мекке деп те атайды. Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып танылды, сонымен қатар 2024 жылғы түркі мемлекеттерінің туристік астанасы болып жарияланды. Соның аясында 2024 жылы қалада халықаралық және республикалық ауқымдағы 100-ден астам іс-шара өтеді", - делінген министрлік хабарламасында.

Түркістан облысы тарихи-мәдени және рухани сәулет ескерткіштеріне бай өңір. Өңірдегі туристтер ең көп баратын көрнекі орындардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Әзірет-Сұлтан кешенінде), Керуен-Сарай кешені, Арыстан баба кесенесі, Гауһар ана, Үкаша ата кесенесі мен құдығы, Ақмешіт киелі үңгірі және т.б. бар.

Қалада Ыстамбұл, Кувейт және Әбу-Даби сияқты шетелдік қалалармен әуе қатынасын орнатқан Әзірет Сұлтан халықаралық әуежайы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Түркістанда жалпы туристік ағын 2022 жылы 253 мың адамды құрады. Өз кезегінде облыс бойынша 2025 жылға қарай болжамды көрсеткіш 329 мыңнан астам адамға жетпек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная