Тоқаев: туризмді дамыту мәселесіне тың серпін беру керек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет", - деді Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында.

Президент кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керектігін айтты. Сол үшін қажетті жағдайды жасалуы тиіс.

"Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ", - деді Тоқаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!