Тоқаев Қазақстандағы туристік саланың флагманын атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын Қазақстандағы туристік саланың флагманы деп атады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Алматы облысы - біздің еліміздегі туристік саланың флагманы, оның басты бәсекелестік артықшылығы - өлкенің алуан түрлі бай табиғаты. Ұлттық байлықты – шатқалдарды, жағалауды, су айдындарын, ұлттық саябақтар мен қорықтарды заңсыз жекешелендіруге жол берілмейді. Үкімет пен әкімдік мұндай фактілерге ерекше назар аударуы қажет", - деді Тоқаев Алматы облысында өткен жұртшылықпен кездесуде.

Мемлекет басшысы Іле Алатауы өзінің бірегей жабайы өсімдіктері мен жануарларымен танымал екенін және халықаралық туристерді тарту үшін қуатты магнит бола алатынын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!