Тоқаев Балқашқа билеттер мен әуежайға қатысты тапсырма берді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде өңірдегі туризмді дамыту жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде өңірдегі туризмді дамыту жөнінде тапсырма берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Жазғы маусымда Балқашқа әуе рейстерге билеттерді субсидиялау мәселесін пысықтаған жөн. Қаланың әуе айлағы ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізілуі керек. Сондай-ақ, маусымдық туристік ағымды ескере отырып, жаңа әуе және теміржол маршруттарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі, ал келешекте халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады.

Реклама
Реклама

Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп, осы мәселелерді пысықтауды және қаланы дамытудың кешенді жоспарында тиісті іс-шараларды көздеуді тапсырамын", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная