Тоқаев Алматыда тау туризмін дамыту туралы айтты

© pixabay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда тау туризмін дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда тау туризмін дамыту туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Алматының бірегей орналасқан жері тау туризмін дамытуға аса қолайлы. Бірақ, тау туризмі кластерін бүкіл Алматы агломерациясы шеңберінде қалыптастыру қажет. Менің ойымша, Түрген мен Қаскелең арасындағы тау кластерінің Шығыс және Батыс бөліктерін осы жерлердің әкімшілік мәртебесіне қарамастан, кешенді түрде дамыту керек", - деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, қала экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Алматы - еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Жалпы, ішкі өнімнің бестен бір бөлігі, бюджет кірісінің 25 пайыздан астамы және Қазақстанның сауда операцияларының үштен бір бөлігі осы қалаға тиесілі. Жыл басынан бері қала экономикасына 930 миллиард жеке инвестиция тартылған. Кәсіпкерлік дәйекті дамып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30 пайызға өскен.

Реклама
Реклама

"Экономиканың әртараптандырылу деңгейінің төмен болуы қала тұрғындары табысының өсімін баяулатады. Қала «орташа табыс тұзағына» түсті, одан шығу үшін қала экономикасын түбегейлі әртараптандыру қажет. Өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторын және креативті индустрияны дамытуға баса назар аудару керек. Бәсекелестікті ынталандыру, инвестиция тарту және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Қала жағдайындағы өңдеу өнеркәсібін дамыту ісі экологиялық таза және ықшамды заманауи технологияларды қолдана отырып, үдерістерді жоғары деңгейде автоматтандырумен және цифрландырумен қатар жүзеге асырылуы керек. Алматының индустриялық аймағы мен "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық пайдалану қажет", - деді Президент.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная