Қазақстан пойыздарына былтыр енгізілген "Әйелдер вагоны" жобасы жолаушылар арасында өте танымал бола бастады. Бұл туралы брифинг кезінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ директоры Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл вагондар тек әйел адамдар мен жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана арналған. Ол вагондарда қызмет көрсететіндер де - тек бұрымды жолсеріктер.
Қазіргі таңда бес бағыттағы пойызда нәзік жандыларға арналған бір вагоннан бар:
Алматы - Маңғыстау;
Алматы - Өскемен;
Павлодар - Түркістан;
Маңғыстау - Семей;
Атырау - Астана.
Алдағы жазда тағы үш пойызға бір-бір вагоннан қосылмақ:
Астана - Алматы (Тальго);
Астана - Шымкент;
Алматы - Ақтөбе.
Бұл ваогондар іске қосылғалы бері осы күнге дейін олармен 154 мың әйел сапар шеккен, деп атап өтті ҚТЖ басшысы.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!