Таулы аймақта от жаққан: өрт қауіпсіздігін елемегендерге 4 миллион теңге айыппұл салынды

Сурет @almaty_tjd аккаунтынан

Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің мамандарымен бірге рейдтер өткізіп, өрт қауіпсіздігін өрескел бұзған ондаған демалушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің мамандарымен бірге рейдтер өткізіп, өрт қауіпсіздігін өрескел бұзған ондаған демалушыларды анықтады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жалпы алғанда, таулы-орманды аймақта 30 шақты өрт қауіпсіздігін елемеу дерегі анықталған, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде кәуәп әзірлеу үшін 12 адам от жаққан. Оларға 4 миллион 140 мың теңге айыппұл салынған.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ, түнгі уақытта Көк-Жайлауда үш хаттама ресімделді - 22:00-ден 03:00-ге дейін, ер адамдар жылыну үшін от жаққан. Сонымен қатар, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін бұзған 17 адам ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы ТЖД өкілдері.

Ведомство мамандары ормандардағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзу жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш - 345 000 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайтынын ескертеді.

"Жоғары өрт қаупі сақталатынын ескере отырып, Алматы ТЖД бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, құрғақ өсімдіктер өртіне ұшыраған учаскелерде күнделікті патруль ұйымдастырылды, "сөйлейтін" дрондар пайдаланылып жатыр. Орман шаруашылығы мекемелерінің атты және жаяу патрульдері қызмет атқаруға көмектеседі", - дейді ведомство мамандары.

ТЖД-дағы демалушылар мен туристер үшін Іле-Алатау ұлттық паркінде ыстық тамақ дайындауға арналған арнайы жабдықталған 14 орын бар екенін еске салады. Алматы-Арасан шатқалының аумағында - Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында 12 орын. Бутаковкада - 2 орын.

Айта кетейік, жаз басталғалы Қазақстанда бірнеше алапат өрт болды. Олардың бірі Абай обылысында болды, онда тілсіз жау 14 адамның өмірін жалмады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная