Ташкентке ұшқан ұшақ Алматы әуежайына қайтып келді

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ташкентке ұшқан ұшақ дабыл қаққыш жүйесінің іске қосылуына байланысты Алматы әуежайына қайтып келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентке ұшқан ұшақ дабыл қаққыш жүйесінің іске қосылуына байланысты Алматы әуежайына қайтып келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сайт оқырмандары редакциялық нөмірге жіберген хабарламасында Air Astana компаниясының Алматы-Ташкент рейсі 8 наурызда 22:35-те ұшу керек болған, алайда жолаушылардың кешігуіне байланысты кешігіп ұшқаны айтылады. Сосын ол әуеге көтеріліп, бір сағаттық ұшудан кейін қайтадан Алматы әуежайына келіп қонған. Рейс уақыты 1:30-ға өзгертілген, алайда жолаушылар бұл уақытта да ұша алмаған.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Алматы-Ташкент бағытындағы КС 129 рейсі 8 наурызда жарты сағатқа кешігіп, 23:05-те ұшып, 00:46-да қайтадан Алматы әуежайына қонған.

Реклама
Реклама

Қайта оралуға батарея қуаттағышының дұрыс жұмыс істемеуі туралы дабылдың іске қосылуы себеп болған. Рейс басқа әуекемесімен орындалды, ол 03:05-те ұшып шығып, діттеген жерге 04:45-те қонды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная