Тарбағатай ұлттық табиғи паркінде кішкентай жыртқыш видеоға түсірілді. Видео ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, сабаншы тесіктен өте сирек шығады, өйткені бұл - жасырын тіршілік ететін аң.
"Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды. Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған", - делінген хабарламада.
Публикация от QAZFWC (@qazfwc)
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!