Таразда екі шетелдік құлдықта болған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда екі шетелдікті құлдықта ұстаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз Полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 24 және 40 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтарынан еңбекті пайдалану дерегі бойынша арыз түсті.

"Арызда жәбірленушілер ер адам олардың жеке басты куәландыратын құжаттарын алып қойып, Тараздағы құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін айтқан. Олар қашып үлгерген, алайда иелері құжаттарын қайтару үшін ақша бопсалаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағымен ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтаған.

"Ол талап еткен шамамен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаның 200 мың теңгесін алған кезінде ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Құрықтау барысында одан 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат, Redmi 7 телефоны және құжаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная