Қазақстандық әзілкеш, Comedy Battle және "Концерты" жобаларының қатысушысы Арнат Өтепбергенов Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстан мен шетелдегі демалысты салыстырып, мысқылдады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алакөлде демалып жатқан блогердің айтпағы мынадай: қазақстандық курорттарда демалу деңгейі нақты бір параметр бойынша шетелдегілермен бірдей.
"Тыңдаңыздар, Алакөлде жүргеніме екінші күн, бір айтпағым ешқандай Түркиядан кем соқпайды: суды қараңыздар, қандай әдемі, емдік қасиеті бар. Түркия сияқты, кем емес. Өзімше ойлап қоямын: біз неге осы басқа елдерге баруға құмармыз, өзімізде де демалуға болады ғой? Бағасы да сондай", - деп әзілдейді шоумен видео соңында.
Аз уақыттың ішінде оның жазбасына 18 мыңнан аса лайк басылып, 500-ге жуық пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушыларына комиктің дөп теңеуі ұнаған: көбісінің көңілі көтеріліп, күлкі смайлигін қалдырған, ал басқалары қазақстандық курорттарда демалу және оның қаншаға шыққаны туралы жаза бастаған.
"Балқашта шарықтап кетті, үш адамдық номер 35 мың теңгеден басталады, тағамсыз және миллион шағым түсіп жатады. Өкінішті. Қазақи бизнес", - дейді пікір қалдырушылардың бірі.
"Мереке күндері Баянауылға келдім, орын жоқ, тек екі жерде ғана болды. Жатын жабдықтарын бір жерден теріп алған секілді, жиһазы кеңес заманынан қалған, тоңазытқыш 1950 жылғы, сөз жоқ", - деп бөлісті тағы біреу өз тәжірибесімен.
"Бастысы - баға, жарты жылда бір рет демалатын болсақ маған круизбен саяхаттаған арзанға шығады", - дейді тағы бір пікір иесі видео авторымен келісіп.
"Басқа елдерге саяхаттау арқылы, өз Қазақстанымыздың табиғатын сақтаймыз", - деп мысқылдайды тағы бір Желі қолданушысы.
Соған қарамастан Алакөл көлінде демалудың ең басты жағымды тұсы - ерекше емдік қасиеті жайлы жазды.
Абай және Жетісу обылыстарының шекарасында орналасқан Алакөл көлі - Қазақстанда ішкі туризм бойынша ең сүйікті бағыттардың бірі. Ащы-тұзды ағынсыз көл шетелдіктерді де қызықтырады. Жыл санап келушілер саны артып келеді, алайда инфақұрылым мәселесі, қызмет көрсету сапасы және бағаның тым жоғары болуы келушілердің "сүйікті тақырыбына" айналған.
Айта кетейік, жаз мезгілінде Алакөлге қосымша пойыздар мен автобустар жүреді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!