Тағы бір ел вакцина алған қазақстандықтардан шекарада ПТР-тест талап етпейді

Минск, Беларусь, фото ©Shutterstock

Вакцина алған қазақстандықтар енді Беларусь шекарасынан өткен кезде ПТР-тест тапсырмайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Blizko.by сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вакцина алған қазақстандықтар енді Беларусь шекарасынан өткен кезде ПТР-тест тапсырмайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Blizko.by сайтына сілтеме жасап.

Тиісті қаулы Ұлттық құқықтық порталда жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өткен және оны растайтын құжаты бар шетелдіктер оқшауланудан және ПТР-сынақтарынан босатылады.

Реклама
Реклама

Вакциналау туралы сертификатқа қойылатын талаптар мынадай:

  • вакцина курсы шекарадан өту күніне дейін кемінде бір ай бұрын және 12 айдан аспайтын уақытта аяқталуы тиіс;
  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілуі тиіс;
  • сертификатта вакцина курсының аяқталған күні көрсетілуі тиіс;
  • құжат орыс, беларусь немесе ағылшын тілдерінде болуы керек.

Басылымның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігінің гигиена, эпидемиология және профилактика бөлімінің бастығы Инна Карабан бұл жаңалыққа түсініктеме беріп, вакцина сертификаты бар адамдар үшін Беларуське кірген кезде оқшаулануға қойылатын талаптарды және ПТР-тестілеуді алып тастайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Беларуське вакцина алуға келген адамдар оқшауланбауы мүмкін, бірақ олардан әлі де ПТР-тест талап етіледі. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная