Stan countries. Польшалық туристер Алматы тауларына қызығып отыр

24-26 қараша аралығында Польша астанасы Варшавада TT Warsaw халықаралық туристік көрмесі өтіп жатыр. Оған 30-ға жуық елден 198 экспонент, сондай-ақ 20 000-нан аса туризм саласының мамандары қатысады.

Көрмеге Қазақстанның Польшадағы елшілігінің белсенді қолдауымен, отандық туроператорлар, Астана мен Шымкент қалалары, Алматы облысы, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы құрамында Қазақстандық делегация қатысты.

Көрменің бірінші күнінде қазақстандық делегация келушілерді ұлттық киіммен дүйім жұртты таңқалдырды. Оған қоса, домбыра мен қобызда ұлттық күйлерді орындаумен ерекше шеру ұйымдастырылды.

Польша азаматтарының сөзінше, олар шетелдегі белсенді демалысты оның ішінде хайкинг пен шаңғы тебуді жақсы көреді екен.

"Біздің қысқа тізімде әлі де Қазақстан жоқ екеніне таң қаламын. Біз жергілікті студенттерге шамамен 700 еуро тұратын шетелдік бюджеттік турлар ұйымдастырамыз. Польшадан LOT лоукостері сіздің еліңізге ұшатынын ескере отырып, біз студенттерді келесі жылдан бастап жіберуге дайынбыз", - деді StudentsTravel директоры Анастасия.

Сонымен қатар, LOT бюджеттік авиакомпаниясы бірлескен жарнамалық науқанды бастауды ұсынды.

Екінші күні еліміздің туристік әлеуетінің көрсетілімі өтті. Оның ішінде 30-дан астам туристік компаниялар үшін AR және VR технологияларын пайдаланумен Шымкент қаласының да туристік әлеуеті көрсетілді.

Сол күні Димаш Құдайбергеннің Польшадағы ресми фанклуб жанкүйерлері Қазақстанның стендін қолдауға келді. Олар "Димаш" радиосы, подкасттар сияқты өз жобалары туралы айтты.

"Димаштың жерлестерін көріп тұрғаным үшін өте қуаныштымын. Біз Қазақстанда Димаш-тур бойынша бірнеше рет болдық. Мен әрқашан осы таңғажайып ел туралы жиі айтамын. Біздің радиода біз тек Димаш қана емес, Қазақстан туралы да көп айтамыз", - дейді фанклубтың негізін қалаушысы Терес Конколь.

Айта кетейік, көрмеде Орталық Азия нарығынан ұсынылған жалғыз ел - ол Қазақстан. Бұл stan countries деп аталатын елдерге сапарлауды жоспарлап отырған туристтердің назарын аудартады.

Үшінші күні келушілер үшін арнайы қазақстандық стендте ұлттық тәттілерден дәм тату ұсынылады. Сондай-ақ естелік суреттерге арнайы ұлттық киіммен фотозона ұйымдастырылады.

Суреттер "Kazakh Tourism" ҰҚ" баспасөз қызметінен