Сочи, Қазан, Уфа, Екатеринбург: Қазақстанға жаңа рейстер ашылады

Ресей 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресей мен Қазақстан арасындағы тұрақты және тұрақты емес ұшуларды орындауға шектеулерді алып тастау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ресей Федерациясы үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап өзара негізде Қазақстанмен мынадай бағыттар бойынша тұрақты әуе қатынасын жаңарту туралы шешім шығарылды:

аптасына үш рейс:

Жуковский - Нұр-Сұлтан, Жуковский - Алматы және Жуковский - Шымкент әр маршрутта аптасына үш рейс жиілігімен;

аптасына бір рейстен:

Краснодар - Нұр-Сұлтан, Орынбор - Нұр-Сұлтан, Сочи - Нұр-Сұлтан, Красноярск - Нұр-Сұлтан, Минеральные Воды - Нұр-Сұлтан, Екатеринбург - Нұр-Сұлтан;

Санкт-Петербург - Алматы, Краснодар - Алматы, Орынбор - Алматы, Сочи - Алматы, Минеральные Воды - Алматы, Ростов-на-Дону - Алматы, Екатеринбург - Алматы, Омбы - Алматы, Уфа - Алматы;

Мәскеу - Ақтөбе, Санкт-Петербург - Ақтөбе;

Санкт-Петербург - Петропавл;

Санкт-Петербург - Ақтау, Ростов-на-Дону - Ақтау, Екатеринбург - Ақтау;

Санкт-Петербург - Атырау, Краснодар - Атырау, Сочи - Атырау, Ростов-на-Дону - Атырау;

Қазан - Ақтөбе;

Мәскеу -  Өскемен;

Ростов-на-Дону - Қарағанды.

ИИДМ мәліметінше, Ресей тарапынан шектеулерді алып тастау туралы шешімнің нәтижесінен кейін қазір рейстерді ашу және қайта бастау мәселесі қарастырылып жатыр. Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында 42 рейс қатынайды.

Сондай-ақ, Ресей бірқатар елмен рейстерді қайта бастау туралы шешім шығарды, олардың ішінде: Қырғызстан, Моңғолия, Бангладеш, Бразилия, Вьетнам, Италия, Коста-Рика, Аргентина бар.

Бұған дейін Ресей туристері көп шығындалатын шетелдер рейтингі бойынша Қазақстан үздік 5-ке кіргені белгілі болды. 2021 жылдың жазында ресейліктер Қазақстанға саяхат жасауға 117 миллион доллар жұмсады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!