Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы орман өртіне байланысты қазақстандық туристердің жағдайына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Бірнеше күн бойы Түркияның бірнеше провинциясында табиғи өрт болды. БАҚ мәліметінше, жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Мармарис және Бодрум қалаларында қатты өрт болған кезде жергілікті тұрғындар мен туристер қонақүйлерден эвакуацияланды.
Түркияда Бодрум мэрі үш қонақүйдің эвакуациясын растады
СІМ баспасөз қызметіндегілер "Қазақстан азаматтарының ешқайсы консулдықтан көмек сұраған жоқ" деген түсініктеме берді.
"Туристік агенттіктер туристерді қауіпсіз жерге жеткізеді", - деп түсіндірді СІМ.
31 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға өртке байланыстын жанашырлық білдіріп, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан барынша гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Түркияда орман өрті Мармариске жетті
Еске салайық, көптеген өрт ошақтары елдің бірқатар өңірінде тіркелген. Өрт Бодрум ауданындағы Гүвержинлик, Айдын провинциясындағы Дидиме және Аланьядағы Еникей елді мекендеріне жетті.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!