СІМ өкілі Шенген жаңа ережелерін қазақстандықтардың заңбұзушылықтарымен байланыстырды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Шенген визасын алуда қазақстандықтар үшін жаңа ережелердің енгізілуіне себеп болуы мүмкін жағдайды атады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық азаматтардың заңбұзушылықтары жаңа ережелер енгізуге себеп болуы мүмкін.

"Кейбір біздің азаматтар, Шенген аумағына кіретін елдерде болып, автокөлікті жалға алып, айыппұл төлемей, сол елден шығып кетеді. Әрине, бұл жағдайды ушықтырады. Басқа да заңбұзушылықтар болуы әбден мүмкін. Басқа елге барғанда оның ережелері мен заңдарын қатаң сақтау керек. Студенттер кредит алып, төлемей, қайтып кетіп жатады", - дейді ол.

Қазақстан "қара тізімге" енген жоқ - Еуроодақ өкілдігі

Осыған дейін 1 наурыздан бастап шенген визасын алу үшін қазақстандықтарға қосымша кеңестер алу керек болатыны айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!