"Шынымды айтсам, Қазақстан таңғалдырды". Интернетте шетелдіктің видеосы тарап кетті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Желіде "Орыс Қазақстаннан шок болды" деген атаумен бейнеролик таралып жатыр, қазірдің өзінде 400 000-ға жуық қаралым мен 1800-ден астам пікір жиналған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "Орыс Қазақстаннан шок болды" деген атаумен бейнеролик таралып жатыр, қазірдің өзінде 400 000-ға жуық қаралым мен 1800-ден астам пікір жиналған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

@svgoncharov

Казахстан удивляет если честно

♬ оригинальный звук - Сергей Гончаров

Роликте кәсіби фотограф Сергей Гончаров Қазақстанда өмір сүру тәжірибесіне қуанышын білдіреді. Ресей мен Қазақстандағы бюрократиялық процестерді салыстыра отырып, Сергейді қазақстандық ресми мекемелерде қарсы алатын қызметкерлердің ақжарқын, ашық мінезі таңғалдырды.

Реклама
Реклама

"Мен Қазақстанға таңғалдым. Не болып жатқанын түсіне алмаймын. Мұнда жүргеніме жыл болды, мен таңғалдым. Егер Ресейде салық органына декларация, өтініш және басқа да құжаттарды тапсыру үшін келсем, күзетшіден бастап, қағазды қабылдайтын әйелге дейін бәрі саған ******** сияқты қарайды. Дәл солай, менмендікпен, жай ғана у шашып: "Не керек?", "Қағазды әкел, ол емес", "Түбіртек қайда?", "Түкірген сияқтысың", - дейді фотограф видеода.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік органдармен қарым-қатынасының мысалдары туралы айтады, онда тіпті көші-қон қызметінің күзетшісі көмек көрсетіп, мәселені шешу үшін қай кезде қайтып келген дұрыс деп кеңес берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная