Шымкенттегі дендросаябақта көлікпен жүрген ер адамға айыппұл салынды

Шымкентте rөлік жүргізушісі дендропарк аумағына кіріп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

Айта кетейік, 21 сәуірде әлеуметтік желілерде дендросаябақ аумағында автокөлікпен жүрген азаматтардың бейнежазбасы тарады.

Патрульдік полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, көлік жүргізушісін анықтады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 1-бөлігіне сәйкес "Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру" жүргізушісіне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.