Шымкентте Түркия консулдығы ашылды

Шымкентте Түркия консулдығы ашылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкенттегі консулдықтың ашылу салтанатына Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу арнайы келді.

Ашылу салтанатынан кейін Мевлют Чавушоглу журналистермен сөйлесіп, консулдықтың ашылуы көптеген мәселелерді шешуге және екі елдің бауырластығын нығайтатын айтты.

Консулдық құқық қорғау мәселелерін, азаматтардың мүддесін және заңды тұлғалардың құқығын қорғайды.

"Біз Шымкентте Түркия консулдығының ашылу салтанатына арнайы келдік. Таяуда Түркістанда Түркияның басты консулдығын ашамыз. Қазақ бауырларға Түркия тарапынан сапалы қызмет көрсетіледі деп үміттенеміз. Бізді осылай күтіп алғанына өте қуаныштымыз", - деді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Журналистермен әңгімелесу барысында шетелдік шенеунік Шымкент қаласын жақсы көретінін және мұнда бірнеше рет қонақта болғанын айтты.

"2009 жылы алғаш рет Шымкентке келдім. Сосын да бірнеше рет қонақ болдым. Жыл санап қала көркейіп келеді. Сонымен қатар, Түркістанның да қалай дамып жатқанын көріп жүрміз және соған қуаныштымыз", - деді Мевлют Чавушоглу.

Түркияның сыртқы істер министрі қазақтар пен түріктер о заманнан - бауырлас халық екенін, ал олардың достастығы жыл санап нығайа беретінін айтты.

"Қазақстан Президенті Түркияға келгенде біздің мемлекет басшымызбен екі елді достастығын нығайту үшін көптеген келісімдерге қол қойды. Астанада бізде маңызды құжаттарға қол қойдық, қалай алып қарасаңызда біздің бауырластығымыз бен достығымыз нығайа беретіні анық", - деді ол.