Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдардың қашан іске қосылатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұл оқиғаны көптеген саяхатшы күтіп жүр. Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдарды іске қосу қыркүйекке жоспарланған.
"Шымкент әуежайының өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 6 миллион жолаушыға дейін 7,5 есеге артады (терминалдың ауданы – 35 мың шаршы метр). Қызылорда әуежайының өткізу қабілеті 7 есеге артады – жылына 300 мыңнан 2 миллион жолаушыға дейін (терминалдың ауданы – 7,5 мың шаршы метр). Бұл жобалар жеке қаражат есебінен жүзеге асырылып жатыр", - деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!