Шымкент - Кутаиси рейсі 14 шілдеде іске қосылады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Шымкенттен грузиялық Кутаисиге тікелей рейс ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

FlyArystan әуекомпаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер аптасына 2 рет - сәрсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады.

Грузияда туристер үшін шектеулер қалай өзгереді

Әуетасымалдаушы компанияның мәліметінше, билет бағасы 29 999 теңгеден басталады. Бұл сомаға бір бағытта ұшу және бес келіден аспайтын көлемі 56*23*36 сантиметр болатын қолжүгі кіреді.

FlyArystan сонымен қатар Қазақстанның басқа үш қаласынан - Нұр-сұлтан, Ақтау, Атыраудан Кутаисиге ұшуды жүзеге асырады. Кутаисиге сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Семей қалаларынан ұшуға болады, бірақ ауысып отырумен бірге билет құны да аздап өзгереді. 

Грузия қазақстандықтарға ашылды. Коронавирустың әсерінен демалыс қалай өзгерді?

Айта кетейік, 15 мамырдан бастап Air Astana Алматыдан Батумиге қатынайтын жаңа рейсті іске қосты. Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі мен сенбі сайын Airbus A320 ұшағында Батумиге сапарлап баруға мүмкіндік бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!