Шымкент әуежайындағы рейстер кестесі жөндеуге байланысты өзгертілді

Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2021 жылғы 24 тамыз бен 6 қазан аралығында кейбір рейстердің кестесі өзгертілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Өзгерістер туралы хабарлама Шымкент әуежайының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Бұл кезеңге жоспарланған рейстері бар жолаушыларға өзгерістер туралы егжей-тегжей СМС-хабарлама жіберілгені атап өтілді. Рейстердің кестесін қазақстандық әуекомпаниялардың сайттарынан қарауға болады.

Реклама
Реклама

Статистикалық деректерге сәйкес, Шымкентке рейстер - ең танымал ішкі әуерейстердің бірі. Бұдан басқа, Шымкент әуежайынан халықаралық ұшулар орындалады. 2021 жылдың шілдесінде Шымкент - Кутаиси тікелей рейсі іске қосылды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!