Шымбұлақтағы өрт қар генераторымен сөндірілді

Құтқарушылар "Шымбұлақ" ТШК-дағы өртті сөндіру кезінде түсірілген кадрларды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіру суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісінен арқылы жүргізілген.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 13 қызметкері жұмылдырылды", - деп толықтырды Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері өртті сөндіру кезіндегі кадрларды көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы "Шымбұлақ" ТШК өрт шыққанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!