Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдар уақытша жабылады

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортына апаратын аспалы жолдар уақытша жабылады. Бұл туралы курорттың Instagram желісіндегі парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Міне, қысқы маусым да аяқталды. Бұл маусым жарқын, оқиғаға толы және өте қызықты болды. Алда жаз келеді! Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын - біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек!", - делінген жазбада.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортының өкілдері мұның барлығы қауіпсіздік үшін қажет екенін алға тартады. Сонымен аспалы жолдар қай уақытқа дейін тоқтайды?

  • 15 мамырдан 31 мамырға дейін - "Медеу-Шымбұлақ" және "Комби-1" аспалы жолы
  • 15 мамырдан 9 шілдеге дейін - "Комби-2" аспалы жолы
  • ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады

"14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады. Мамыр айы - жаяу серуендеуге және тауға шығуға тамаша уақыт. Біз сіздерді күтеміз, курортта кездескенше!", - дейді курорт әкімшілігі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОРНЫЙ КУРОРТ SHYMBULAK (@shymbulakmountainresort)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!