Шымбұлақ Гиннестер рекорды кітабына енді

© instagram/shymbulakmountainresort

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы бөктері" номинациясы бойынша Гиннестер рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы бөктері" номинациясы бойынша Гиннестер рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Рекорд нәтижесін ресми тіркеу және сертификаттарды тапсыру рәсімі "Талғар асуы" станциясында, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте, Guinness World Records компаниясы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Әлемдік рекордты тіркеу үшін келесі шарттарды орындау қажет болды:

Реклама
Реклама
  • рекорд орнауы үшін биіктік метрмен өлшенуі керек болған;
  • Солтүстік Талғарда, осы аймақта білікті маман өлшем жұмыстарын жүргізу керек болды;
  • курорт бөктері FIS ресми түрде мойындауы керек еді;
  • курорт штаттық режимде жұмыс істеуі керек, трассада жарық қосулы болуы тиіс.

"Мен ресми түрде Шымбұлақ тау курорты "Әлемдегі ең биік түнгі тау-шаңғы бөктері" номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енгенін ресми түрде хабарлауға қуаныштымын", - деді Guinness World Records өкілі Сейда Субаси.

Шара соңында лентаны салтанатты түрде кесу және станциядан жаппай сырғанау жүргізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная