ШҚО-да қар барысы фототұзақ объективіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары қар барысы популяциясының жай-күйіне жыл сайын мониторинг жүргізеді. Аршаты орманшылығында биыл қаңтарда орнатылған фототұзаққа кезекті қар барысы түсіп қалған.
"Қар барысының тіршілік ету ортасына байланысты, инспекторлар фототұзақтардың батареяларын жаңарту және флэш-карталарын ауыстыру үшін биік және жартасты жоталарға 3,4 күн жаяу жүреді. Бүгінгі күні паркте қар барысының шамамен 11 дарағы мекендейді", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!