Шонжы. Қазақстандағы ең керемет ыстық бұлақтар туралы білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Алматы облысының Шонжы ауданындағы құрамы бойынша ТМД-дағы көптеген әйгілі термалды сулардан кем түспейтін ыстық бұлақтар емдік қасиетімен келушілерді баурап алады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен осы ыстық бұлақтар жайында толығырақ баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Шонжы ауданындағы құрамы бойынша ТМД-дағы көптеген әйгілі термалды сулардан кем түспейтін ыстық бұлақтар емдік қасиетімен келушілерді баурап алады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен осы ыстық бұлақтар жайында толығырақ баяндайды.

© shutterstock

Шонжының ыстық бұлақтары Қазақстан ғана емес, шетел туристерін де тартады. Себебі ыңғайлы орналасуы, туристік орталықтардың көп болуы мен қолжетімді бағасына сай инфрақұрылымына байланысты болуы мүмкін. Ресейлік Tourister.ru порталы жергілікті ұңғымаларды Жайық, Батыс Сібір мен Краснодар өлкесінің ыстық бұлақтарына тең санайды. КТК телеарнасының хабарлауынша, Шонжы ыстық бұлақтары WE project мен The Village Kazakhstan ұсынатын демалыс орындарының қатарына жататынын, Қазақстандағы қысқы демалыстың рейтингінде алғашқы бестікке кіретінін мәлімдесе, 24.kz телеарнасы туристер арасында бұл жерлерге деген қызығушылықтың артқанын хабарлады.

Бұл жерлерде "Марко Поло" мен "Қазақ хандығы" тарихи сериалдарының түсірілімі өткен.

Шипалы ыстық сумен денсаулығыңызды жақсартып, демаласыз, бойыңызға күш-қуат жинайсыз. Шипалы бұлақтардың суына жиі шомылатын балалар ауырмайды, әрі көңілді, жайдары болып жүреді.

© shutterstock

Судың емдік қасиетін сезіну үшін жан-жақтан туристер ағылып жатады. Шонжы ауылы аумағында шамамен 140 ыстық бұлақ бар. Ғалымдар бірнеше миллион жыл бұрын Алматы маңында үлкен жанартау болғанын растады. Оның кратерінің көлемі 9-дан 16 километрге (әртүрлі дерек бойынша) дейін болған екен.

Жанартау атқылауының іздерін Шонжыға баратын жолдан байқауға болады - Бөгеті массиві жанартау атқылауынан пайда болған. Отты жанартау 200 миллион жыл бұрын сөнген, бірақ магмалық арналар толығымен жабылған жоқ. Олар суды қыздырады, ол үлкен қысыммен жоғарыға атқылайды. Бір қызығы, жергілікті тұрғындар үйлерін ыстық бұлақ суымен жылытады екен.

© shutterstock

Термалды минералды бұлақтар, Шонжы ыстық көздері сияқты, жылы (температурасы 20-37 градус), ыстық (37-50 градус) және өте ыстық (50-100 градус) болып бөлінеді. Маусым күздің суық мезгілінен басталып, мамыр айының ортасында аяқталады.

Келушілер топпен немесе отбасымен келеді. Демалыс орталықтарында әртүрлі температурадағы бірнеше бассейн бар. Судың құрамы да әртүрлі: радон көздері, күкіртсутек, йод-бром және т.б.

© shutterstock

Ыстық бұлақта шомылу. Пайдасы мен кері әсері

Егер денсаулығыңыз бен көңіл күйіңізді жақсартқыңыз келсе, ыстық бұлақтарға келіңіз.

Судың құрамында мынадай химиялық элементтер бар:

- кремний қышқылы белгіленген мөлшерде тыныштандыратын, қабынуға қарсы, ауыруды басып, денедегі токсиндерді шығарады;
- бұлақтағы кальций тұздары қабынуға қарсы әсерге ие, несеп шығаруды арттырып, сүйек тінінің өсуіне әсер етеді және ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттырады;
- натрий мен хлор ағзадағы су-тұз алмасуын қалпына келтіреді;
- ыстық бұлақтардың сілтілі суы ағзаға пайдалы әсер етеді және қант диабеті, инфекциялық ауруларды өткізуді жеңілдетеді;
- пайдалы минералдар жоғары тыныс жолдарын емдеуге көмектеседі;
- судың сілтілігінің жоғары болуы өтте қышқыл жиналуының алдын алады, ас қорыту жүйесінен шырышты сұйылтып шығаруға көмектеседі.

Сондай-ақ, ыстық бұлақтардың емдік суы тері ауруларын емдеуге көмектеседі, жараларды емдейтін әсерге ие және асқазан-ішек жолдарының кейбір ауруларының өтуін жеңілдетеді.

© shutterstock

Минералды бұлақтардың суын ішуге де болады. Ол арнайы тазарту резервуарынан бөлек жиналады, мұндай суды гастрит, колит, бауыр мен өт жолдарының патологиялары, цистит, қант диабеті, ағзадағы минералды алмасудың бұзылуы кезінде ішу ұсынылады.

Бірақ демалысқа шықпас бұрын дәрігермен кеңесіңіз, себебі ыстық бұлақтарда шомылып, оның суын ішу барлығына бірдей бола бермейді.

Фото © unsplash

Шонжыда демалыс орындары өте көп, олар туралы төменде баяндалады.

"Деревушка" демалыс орталығы

Құны: бір адамға тәулігіне 5500 теңгеден.

Қалай жетуге болады: аймақ Шонжы-Көлжат тас жолының бойында, 97-шақырымда орналасқан.

Демалушыларға 2, 3, 4 орынды бөлмелері бар бір қабатты коттедждерде қоныстану ұсынылады. Аумақта үш бассейн бар (олардың бірі ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылады және әртүрлі тереңдіктегі екі үлкен ашық бассейн (балалар үшін 110-150 сантиметр, ересектер үшін 160-180 сантиметр). Бассейндер жерасты табиғи ыстық көздерінен ыстық минералды сумен толтырылған (онда радон жоқ).

Relax қонақүй кешені

Бағасы: бір адамға тәулігіне 8000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 105-шақырымы.

Күзетілетін автотұрағы бар жабық алаң, су температурасы 39 градус болатын үлкен ашық бассейні бар. Коттедждер мен екі және үш бөлмелі орындар ұсынылады.

© shutterstock

AlRais демалыс орталығы

Құны: бір адамға тәулігіне 6000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 101-шақырымы, жолдың сол жағында 200 метр қашықтықта 4 қабатты ғимарат бар.

Қонақтарды жеке бөлмелерге орналастыру қарастырылған, автотұрағы бар, жылы суы бар бассейндер орналасқан.

"Тұмар" демалыс орталығы

Құны: бір адамға тәулігіне 4000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 55-шақырымы.

Туристер жайлы бөлмелерге орналасып, термалды радоны бар бассейндерде шомыла алады.

© shutterstock

"Алтын су" демалыс аймағы

Құны: бір адамға тәулігіне 5000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 53-шақырымы.

Туристер термалды йодталған суы бар бассейндерде шомыла алады, бұл тірек-қимыл аппаратын, әйелдер ауруларын емдеуге ықпал етеді.

Radian демалыс орталығы

Бағасы: бір адамға тәулігіне 5000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжыдан 53 км жерде, телемұнараның сол жағына қарай 500 метр. Демалыс орталығының аумағында үш бассейн бар: ашық (тереңдігі 160 сантиметр), жартылай жабық және жабық, бассейндердің температурасы әртүрлі 35-тен 50 градусқа дейін.

Балалар бассейні үлкен бассейннің жанында орналасқан; туристерге емдік ванналар мен сауна ұсынылады, олар сенбі және мереке күндері сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін ашық болады.

"Дельфин" демалыс үйі

Бағасы: бір адамға тәулігіне 4000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 51-шақырымы.

Қонақтар температурасы 56 градус болатын бассейндерде, ағаштан жасалған саунада шомыла алады. Сонымен қатар, эконом және стандарт жайлы бөлмелерде орналаса алады.

© shutterstock

"Изумруд" демалыс орталығы

Бағасы: тәулігіне бір адамға 6500 теңгеден.

Қалай жетуге болады: 98-шақырымда. Аймақ "Деревушка" демалыс орталығының сол жағына қарай 300-400 метр қашықтықта орналасқан.

Аумақта судың температурасы +52 градус болатын жеке құдық бар. Құдық үш бассейнді толтырады, әр бейсенбі демалыс аймағында тазалық күні деп жарияланған.

"Қара дала" демалыс орталығы

Бағасы: тәулігіне бір адамға 8000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: облыс орталығынан Шонжы қаласынан 73 шақырым, баған - Ақсай-Шонжы-Көлжат тас жолының 106-шақырымы.

Демалыс орталығының аумағында өз құдығынан емдік суы бар бассейндер бар: ашық бассейнде төрт бассейн, оның ішінде балалар бассейні мен джакузи бассейні және екі жабық бассейн (балалар мен ересектерге арналған). Бассейндердегі судың температурасы 37-39 градус аралығында. Судың құрамы Сары-Ағаш курортының минералды суына ұқсас. Ашық бассейндер 21 метрден 11 метрге дейін барады.

© shutterstock

"Рақымжан" демалыс орталығы

Бағасы: бір адамға тәулігіне 5000 теңгеден.

Қалай жетуге болады: Шонжы-Көлжат тас жолының 55-шақырымы.

Қонақтар жайлы бөлмелерде демалып, демалыс орталығының аумағында ыстық минералды суы бар бассейндерде шомыла алады.

Қазақстанның басқа қалаларынан Шонжыға қалай жетуге болады.

© shutterstock

Қазақстанның басқа қалаларынан Шонжыға қалай жетуге болады.

Егер сіз Шонжы су көздерінде демалуды жоспарласаңыз, алдымен Алматыға ұшақпен немесе пойызбен келген жөн, содан кейін сіз күнделікті жүретін автобусқа отырып жете аласыз. Осы бағыт бойынша билеттерді қаланың кез келген турагенттігінде алдын ала брондауға болады немесе сапарды өз бетіңізше ұйымдастыруға болады.

Қазақстанның басқа қалаларынан келген саяхатшылар Алматыға Қарағанды, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей, Шымкент, Тараз, Орал және еліміздің басқа облыстарынан тікелей рейстермен жете алады.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная