"Шок болып қалдым". Қазақстандық "Астана-Атырау" пойызындағы тарақандарға шағымданды

Видеодан үзінді

Түнделетіп Астанадан Қостанайға жолға шыққан қазақстандық өз купесінен тарақанды көріп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түнделетіп Астанадан Қостанайға жолға шыққан қазақстандық өз купесінен тарақанды көріп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Редакциямыздың WhatsApp-тағы нөміріне хабарласқан оқырман "Астана-Атырау" пойызында түсірілген видеоны жіберді. Видео авторының сөзінше, ол жаңа пойызда тыныш жетемін деп үміттенген. Алайда орнына жайғасқан кезде оның қуанышы су сепкендей сейілді. Себебі ол купеде жүрген тарақанды көріп қалған.

Реклама
Реклама

"23 қаңтарда сағат 21:15-те Астанадан Қостанайға таңда келу үшін асығыс жолға шығып кеттім. Пойыз вагонын көріп, қуандым. Өйткені пойыз жаңа болып көрінді. Бірақ купедегі орныма өткеннен кейін ерте қуанғанымды түсіндім. Музыка тыңдап, басымды көтеріп, қарасам, бір нәрсе жорғалайды. Басында шыбын сияқты көрінді. Жарықты қоссам, тарақан екен. Шынымды айтсам, оны бірінші рет көргендіктен, шок болып қалдым", - деді оқырман.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? Фотограф (@tengrisport_cor)

Саяхатшы жәндіктен емес, жәндіктің өзімен қоса үйіне жетуінен қорыққанын айтты.

"Менің бойымда қорқыныш ұяламады, керісінше кішкентай жәндіктер менімен бірге үйге жетіп, қаптап кете ме деп уайым кештім. Олар қауіпті аурулардың тасымалдаушылары екені көпшілікке мәлім", - деп атап өтті қазақстандық.

Жолаушы жолсерікке болған оқиға туралы дереу хабарлаған. Ол жолаушының сөзіне аса назар аудармаған.

"Әрине, мен жолсерікке бірден хабарладым. Ол жазда тарақандардың болғанын, қыста болуы екіталай екенін айтты. Онымен қоймай, орнынан тұрмастан шай ішіп отыра берді. Оған бәрібір болды.

Бурабай курорты станциясына тоқтағанымызда, мен оған тағы барып, бұл жиі болатын дүние ме деп сұрадым. Ол жазда тарақандар көп болғанын, қазір қайдан келгенін білмейтінін атап өтті. Оған енді қалай ұйықтайтынымды, менімен бірге үйіме жетіп, қаптап кетсе не болатынын айттым. Оған ол: "уайымдамаңыз, әкелмейсіз, бәрі жақсы болады" деп қысқа қайырды. Осыдан кейін онымен сөйлеспедім", - деді оқырман.

Редакция тілшісі "Жолаушылар тасымалы" мекемесіне жүгініп, сауал жолдады. Баспасөз қызметі жауап беріп, дәл осы вагонда жәндіктердің бар-жоғы жіті тексерілетінін, жолға жіберілмейтінін хабарлады.

"Астана-Атырау бағыты бойынша №47 пойыздың № 25/20896 вагонында тарақанның табылуына байланысты аталған құрам 2024 жылғы 25 қаңтарда станцияға келгеннен кейін жіті тексерістен өткізілетінін хабарлаймыз. Тексеру кезінде вагон пойыздан ағытылып, жолға жіберілмейді. Дерек расталған жағдайда вагонда жоспардан тыс дезинсекция жүргізіледі.

2024 жылғы 17 қаңтарда аталған вагонда жоспарлы дезинсекция жүргізілгенін атап өтеміз", - делінген мекеменің хабарламасында.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілдері вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына кемінде 1 рет жүргізілетінін атап өтті.

"Ережеге сәйкес вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына кемінде 1 рет жүргізіледі. Ал дератизациялық өңдеу тоқсанына кемінде 1 рет жүргізіледі. Бұдан бөлек эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вагондарды қосымша дезинфекциялық, дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі", - делінген "Жолаушылар тасымалы" таратқан хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная