Ішімдік және темекі шегу: қазақстандықтар қаншалықты жиі әуерейстерінен түсіріледі?

© elements.envato.com

Көліктегі полиция департаменті Tengritravel.kz сауалына берген жауабында 2022 және 2023 жылы қазақстандықтардың ұшақтағы деструктивті мінез-құлық жағдайларының санын атады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі полиция департаменті Tengritravel.kz сауалына берген жауабында 2022 және 2023 жылы қазақстандықтардың ұшақтағы деструктивті мінез-құлық жағдайларының санын атады.

Түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 2022 жылы әуекомпаниялар акты бойынша 801 жолаушы әуерейстен түсірілген не бортқа жіберілмеген.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде жүру - 317, ұсақ бұзақылық - 71, ұшақ бортында темекі шегу - 254, әуе кемесінің бортында ереже бұзу - 42, сондай-ақ 117 адам тағы басқа әкімшілік құқықбұзушылықтар (қару тасымалдау және сақтау, азаматтық заңнамасын бұзу) үшін рейске жіберілмеген не түсірілген", - деді департамент өкілдері.

2023 жылдың басынан еліміздің көліктегі полицейлері әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 49 жолаушы әуе рейстерінен шығарылды. Шығарудың негізгі себептері: мас күйде болу, рұқсат етілмеген жерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық және әуе кемесінің бортында ережелерін бұзу.

Сонымен қатар, департамент өкілдері жолаушыларға ұшу кезінде сақталуы керек ұсыныстар берді.

"Жолаушылардың деструктивті тәртібі әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондықтан жолаушылар лайнер командирінің талаптарын және экипаждың басқа мүшелерінің ұсынымдарын сөзсіз орындап, сабырлық пен тәртіпті сақтауы керек", - деді полицейлер.

Осыған дейін Алматы - Астана рейсінде жанжал шығып, одан кейін жолаушы рейстен түсірілді. FlyArystan әуекомпаниясы жанжалдың видеосын жариялады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная