Шілдеде шетелде қанша қазақстандық демалды

Басқа елдерге кіру үшін санитарлық талаптар жойылып, қазақстандықтар қайтадан саяхаттай бастады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі шілдеде шетелге жолдамалар бойынша қанша қазақстандық демалғанын білу үшін "Туристік Қамқор" қорына сұрау салды.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың шілдесінде "пакеттік" демалысты ұсынатын әртүрлі елде 96 588 адам демалды. Бұл 2021 жылдың шілдесіне қарағанда көп. Былтыр 67 511 адам шетелге кеткен.

Шілдеде ең танымал бағыттар Түркия, БАӘ және Мысыр болды. Сонымен қатар, жалпы санның жартысынан көбі Түркияны таңдады - 59 520 адам. Пакеттік турлардың сұранысы бойынша екінші орында Мысыр: демалыс үшін оны 14 938 адам таңдады. 12 941 қазақстандық жолдама бойынша БАӘ-ге сапар шекті.

Қор шілдеде демалу үшін Таиландты таңдайтын туристер саны 1,5 есе артқанын атап өтті. Танымал бағыттардың тізіміне Грекия да қосылды.

Келесі айда Kaz.tengritravel.kz порталы қазақстандықтар тамызда қайда демалғанын айтып береді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!