ШҚО-да туризмді дамытуға қанша қаражат жұмсалады

фото Евгения Домашева

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуы туралы әңгімелеуді жалғастыруда. Біз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары туралы жаздық. Енді Шығыс Қазақстан туралы әңгімелейік.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуы туралы әңгімелеуді жалғастыруда. Біз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары туралы жаздық. Енді Шығыс Қазақстан туралы әңгімелейік.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірде туризмді дамытудың негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті индустрия құру, туристік ресурстарды дамыту, дестинациялар мен объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Реклама
Реклама

Фото: visiteast.kz/Александр Кузнецов 

Шығыс Қазақстанның төрт объектісі өңірлік ауқымдағы топ-50 басым аумақтарға кірді: Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Рахман қайнары" санаторийі, Риддер қаласының Глубокое ауданындағы Алтайдың тау шаңғысы кластері және Бұқтырма су қоймасы. Күршім ауданы да маңызды басым аумақ болып саналады, онда Марқакөл көлі, Қиын Керіш шатқалы және Шеккелмес мүйісі орналасқан. Мұнда экологиялық, танымдық және белсенді туризм дамиды. Зайсан ауданының аңшылық туризмді дамыту тұрғысынан әлеуеті жоғары, ал Ұлан ауданының тарихи-мәдени мұрасы ("Ақ Бауыр", "Аблайкит" кешендері) танымдық туризмді ұнататындар үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Туризмді дамытудың негізгі бағыттары:

  • Жаңа Бұқтырма және Сарыбел ауылдарын дамыта отырып, Бұқтырма су қоймасында жаппай жағажай туризмі;
  • Қатонқарағай ауданындағы этникалық, ауылдық және медициналық туризм;
  • Риддердегі тау шаңғысы туризмі.

фото Евгения Домашева 

Бұл нысандарда инженерлік жол инфрақұрылымын жетілдіру жоспарлануда. Жобаны іске асыруға арналған бағдарлама әзірлену сатысында, объектілерге бару арқылы талдау жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша қажетті инфрақұрылым туралы егжей-тегжей ақпарат беріледі.

Бұдан басқа, биыл 12 миллиард теңгеге жаңа туристік нысандарды ашу бойынша 20 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Бұқтырма су қоймасында сегіз демалыс базасының және Өскемен мен Қатонқарағай ауданында сегіз туристік нысанның құрылысы бар.

Бюджеттік бағдарлама бойынша туристік қызметті дамытуға 2021 жылы 17 миллион 400 мың теңге, 2022 жылы 23 миллион 200 мың теңге бөлінді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная