Зергерлік бұйымдар жай ғана әдемі аксессуар емес, ол маңызды материалдық құндылыққа ие. Көптеген саяхатшы шетелге шыққанда сүйікті әшекейлерін алып жүргісі келеді, бірақ бәрі бірдей қолданыстағы ережелер мен шектеулерді біле бермейді. Tengritravel.kz кедендегі қиындықтарды болдырмауға көмектесетін маңызды нюанстарды білді.
Мемлекеттік кірістер комитеті зергерлік бұйымдарды шетелге шығарудың бірнеше ережесін айтып берді.
"Жеке тұлғалар тауарлардың сипаты мен санына, сондай-ақ кедендік баждар мен салықтардан босатыла отырып, алып жүретін және өткізетін багажда өткізу жиілігіне қарай Кеден одағының кедендік аумағына әр адам бес дана зергерлік бұйымдарды әкеле алады", - деді ведомство өкілдері.
Егер экспортталатын тауардың құны 500 еуродан асса немесе салмағы 25 келіден асса, жеке тұлға тауар декларациясын беру арқылы декларация беру керек.
"Зергерлік бұйымдарды алып жүруге тырысқан адамға қатысты белгіленген нормадан асып кеткен жағдайда әкімшілік айыппұл жазылады. Сондай-ақ тауарларға декларация беру арқылы өнімдерді асып кету бөлігінде декларациялау қажет", - деді комитет өкілдері.
Бір тұлға декларациялауға жататын зергерлік бұйымдарды жылжыту жиілігі айына бір реттен аспауы керектігі ескертілген.
Бұл шаралар Кедендік бақылау процесін жеңілдетуге және тауарларды Кеден одағының шекарасы арқылы өткізу кезінде теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған. Осы ережелерді сақтау кеденде мүмкін айыппұлдар мен кідірістерді болдырмауға көмектеседі, сонымен қатар зергерлік бұйымдардың шекара арқылы ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!