Шетелге жолдама ПТР-тестсіз сатылмайды - Туроператорлар қауымдастығы

ПТР-тест тапсырмаған турист шетелге шыға алмайды: егер шетелде демалғысы келген азаматтар Қазақстанға келгенге дейін ПТР-тест тапсырғысы келмесе, туристік компаниялар оларға жолдама сатпайды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы.

Қазақстан Туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рейдің айтуынша, қазақстандықтар шетелден елге қайтарда көбіне, ПТР-тест тапсырмай шығады және бортта бірге келген басқа жолаушыларға вирус жұқтыруы мүмкін. Қауымдастық осы қауіптің алдын алу үшін шешім шығарған. Енді не шекаралар жабылады, не ПТР-тест болмаса, турист ұшпайды, не туристерге Қазақстанға келгенге дейін ПТР-тест тапсыруды ыңғайлы жолын ұйымдастырады.

"Туристер ұшып келгеннен кейін ПТР-тест жасау үшін мемлекет қаржысы жұмсалады. Бұл үшін үлкен ақша бөлінді. Бізге қатысты шешім шығарылды: не біз ПТР-тестілеуді туристік жолдамаға міндетті шартпен бекітеміз, не туристік қызмет түрі тоқтатылады және шекара жабылады. Сондықтан біз осы мәселеге назар аударып, оны туристер үшін мүмкіндігінше ыңғайлы етіп ұйымдастыруды ұйғардық", - дейді Инна Рей.

Айта кетейік, қауымдастық басшысының мәліметінше, ұйымға мүше компаниялар елдегі жолдамалардың 90 пайызын сатады.