14 мамыр 2024 10:57

Шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болады - министр

Фото:depositphotos.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр туристер тарапынан көптеген шағым виза және көші-қон режимі мәселелерінен туындап отырғанын атап өтті.

"Туроператорлардың айтуынша, шетелдіктер виза және көші-қон порталындағы техникалық ақауларға байланысты виза алуда қиындықтарға тап болады. Нәтижесінде туроператорлар шетелдік туристер үшін брондалған жолдамалардан бас тартуға мәжбүр болған", - деді Маржықпаев.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты министрлік әуежайлардың көші-қон қызметтеріндегі персонал санын көбейтіп, виза-көші-қон порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, цифрландыру және виза алу рәсімдерін жеңілдету арқылы виза және көші-қон режимін жетілдіру жоспарланған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Реклама
Реклама