Шетелдік лоукостер Алматыдан Абу-Дабиге рейс ашады

2021 жылғы 17 желтоқсанда Алматыдан Абу-Даби бағытындағы жаңа халықаралық рейс іске қосылады. Бұл рейстерді "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы іске асырады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Алматы - Абу-Даби рейсі аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері А320NEO әуе кемесімен орындалады. Билеттерді әуе компаниясының сайтында алуға мүмкіндік бар. Бағасы - 17,59 еуродан (8 905 теңге) басталады, бұл сомаға жүк және бір бағытта ұшу кезінде тамақтану кірмейді, сондай-ақ орын таңдау мүмкіндігі 5-7 евро (2 500 - 3 500 теңге) тұрады.

"Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясының Абу-Даби - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін 2022 жылдың қаңтарында ашу жоспарланған.

"Жаңа бағыттың ашылуы елдер арасындағы байланысты арттыруға, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға және туристік ағынды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ел тұрғындары мен қонақтарына "Wizz Air Abu Dhabi" әуе компаниясы ұсынатын барлық артықшылықтар мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген ААК хабарламасында. 

БАӘ әуежайларына келетін барлық жолаушыларда ұшуға дейін 72 сағат ішінде жасалған теріс ПТР тест анықтамасы болуы тиіс. 12 жасқа дейінгі балалар мен орташа немесе ауыр мүгедектігі бар жолаушылар ПТР тестінен босатылады.

ПТР нәтижесі қағазға шығарылған сертификат түрінде ұсынылуы керек. Сертификат тек ағылшын немесе араб тілдерінде болуы міндетті. Қолжазба сертификаттары қабылданбайды. Кейбір жолаушылар БАӘ-ге келген кезде қосымша тексеруден өту қажет болуы мүмкін.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.