Шетелдік әуекомпания Ақтауға ұшатын рейстерді тоқтатты

"Uzbekistan Airways" АҚ Ақтауға әуерейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz. Бұл туралы әуекомпания өзінің Telegram-каналында жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Uzbekistan Airways" АҚ Ақтауға әуерейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz. Бұл туралы әуекомпания өзінің Telegram-каналында жариялады. 

"Ақтаудағы халықаралық әуежайдың халықаралық рейстерді қабылдауды және шығаруды тоқтатуына байланысты Uzbekistan Airways HY-9725/9726 рейсі, яғни 2022 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған Үргеніш - Ақтау - Үргеніш бағыты бойынша ұшатын рейс іске аспайтын болды. Болашақта қай күндері ұшатыны туралы кейінірек хабарланатын болады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 5 қаңтардағы рейске билет алған жолаушылар ақшасын толықтау қайтарып алады немесе басқа күнге тегін ауыстыра алады. 

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі, өз кезегінде, Ақтаудағы әуежайдың жабылғаны туралы мәлімет түспегенін хабарлады. 

"Әзірге әуежайдың жабылғаны туралы ресми мәлімет жоқ, Әуежай халықаралық және ішкі рейстер үшін ашық. Кейбір рейстер техникалық себептерге байланысты кешігіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері. 

Айта кетейік, Ақтау әуежайының сайты істемей тұр, алайда 5 қаңтарға арналған кестеде ақтаулық әуежайдан Алматыға, Нұр-Сұлтанған, Шымкентке, Үргенішке, Тбилисиге және Ереванға рейстер жоспарланған. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная