Қазақстанға шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
23 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Индия, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.
4 398 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27;
- Шымкент қаласының әуежайына - 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469; анықтамасыз - 5;
- Ақтау қаласының әуежайына - 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;
- Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, қазір олар карантин стационарларында нәтижелерін күтіп жатыр.
Сонымен қатар, 22 наурызда анықтамасыз келген 20 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале - Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!