Шетелдегі демалыс: қазақстандықтар қай елге жиі баратыны айтылды

Фото: pixabay.com

2021 жылдың үш айында Қазақстаннан шетелге 45 640 адам саяхатқа шыққан. Бұл өткен жылдағыдан сәл аз, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың үш айында Қазақстаннан шетелге 45 640 адам саяхатқа шыққан. Бұл өткен жылдағыдан сәл аз, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының мәліметінше, шетелге демалуға аттанған қазақстандық туристердің саны 2020 жылы 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 86 пайыз қысқарды. 2020 жылы 54 881 адам туристік жолдама алған, ал 2019 жылы бұл сан жеті есе көп болған - 387 175 адам саяхатқа шыққан.

Реклама
Реклама

Биыл туризмді қалпына келтіруге үміт бар. "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Инна Рейдің айтуынша, әуе рейстері жаңарып, туристер саны артып келеді.

"Қазір чартерлік рейстерді қазан айынан бастап қалпына келтіру процесі жүріп жатыр. Туристер саны көбейіп жатыр, әсіресе Шри-Ланка және Мальдив сияқты бағыттарға көбейді. Бұл процес жалғасуы үшін барлық процесті дұрыс ұйымдастыру керек", - дейді Инна Рей.

 Фото: pixabay.com

Сонымен қатар, туристер топ болып шығатын бағыттарға сұраныс өте жоғары. Туроператор өкілі Светлана Ошерова шетелде демалуға деген сұраныс мереке күндері жоғарылағанын айтты.

"Сұраныс жоғары мерзімдерге (Наурыз, мектеп демалысы) турлар ақпанның соңына дейін сатылып кетті. Бұл шетелдік саяхаттарға деген үлкен қызығушылықты білдіреді. Танымал бағыттарға турларды сатып ала алмаған туристер Қазақстан бойынша экскурсиялық турларды таңдай алады", - дейді спикер.

Қазақстандықтар арасында саяхаттаудың танымал бағыттары туралы айтатын болсақ, пандемияға дейін олар Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және Таиланд болды. Мәселен, 2019 жылы Түркияда - 146 437 адам, Египетте - 127 004 адам, БАӘ-де - 49 275 адам, Қытайда - 28 169 турист және Таиландта - 21 090 қазақстандық демалды.

2021 жылы шетелде демалуды таңдағандар арасында ең көп баратын елдер тізімінде бірінші болып Мысыр (22 516 турист), одан кейін БАӘ (13 187 адам) тұр. Мальдив аралдары үшінші орында (6764), Шри-Ланка төртінші орында (2188 қазақстандық) болса, Түркия соңғы орында (985) тұр.

Қазақстандықтар арасында Мальдив аралдарына баратындар саны күрт көбейгенін атап өткен жөн. Тікелей рейстер ашылғаннан кейін Мальдивке баратын туристер саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есе өсті. Биыл ол жақта 6764 қазақстандық турист демалған. 2019 жылы елімізден 1119 турист барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная