Шетелде ТЖ-ға ұшырасаңыз - қазақстандықтар қайда жүгіну керек

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың шетелде жүріп төтенше жағдайға тап болған кезде қандай көмекке үміттене алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың шетелде жүріп төтенше жағдайға тап болған кезде қандай көмекке үміттене алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға жүрген елінде Қазақстанның дипломатиялық мекемесіне бару керектігін айтады.

Реклама
Реклама

"ТЖ Тсипаты қарастырылады. Егер ол жаһандық масштабта болса, онда көп жағдайда шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Ал екер локалдық апат болса, онда біз бос орынға ауыстыру үшін немесе транспортқа билетпен қамтамасыз етуге максималдық көмек көрсетеміз. Себебі ТЖ кезінде коллапс пайда болып, көптеген адамдар өз қаражатына болсын билет таппай сандалады. Мұндай кезде қонақүйлер бос болмай жатады. Осы кезде дипломаттар олардың жатып тұруын қамтамасыз етеді. Түрлі көмек көрсетіледі", - деді Смадияров.

Оның айтуынша, кейде адамдарға жай ғана психологиялық көмек керек болып жатады.

"Мемлекет өкілі келді деген сөз - бұл көпшілікке рух пен күш береді. Мұндай да көмек береміз", - деп түйіндеді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная