Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Шетелде қалып қойған туристердің бәрі 14 қаңтарға дейін Қазақстанға оралады


Басқа елдерде қалып қойған туристердің басым бөлігі Қазақстанға бүгін, қалғаны 14 қаңтарға дейін оралады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі.


"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының мәліметінше, бүгінге төрт репатриациялық рейс жоспарланған.

"Қазір мыңға жуық адам, негізінен, Біріккен Араб Әмірліктерінде қалды. Бірақ сол жерден рейстер күн сайын орындалады. Анталиядан рейс ашылды. Бүгін SCAT және "Эйр Астана" әуекомпанияларының Пхукеттен екі рейсі, Коломбодан бір рейсі, Маладан бір рейсі болады. Бұл  үлкен ұшақтар. Көптеген турист ұшып келе алады. Ертең-арғы күні барлық турист үйінде болады деп үміттенеміз. Кесте реттелді. Енді Қазақстанға оралу қалыпты кесте бойынша орындалады", - деді "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Инна Рей.

Оның айтуынша, кеше жоспарланған барлық рейс сәтті орындалды. Сондай-ақ, қор төрағасы қазір басты қиындық - қалып қойған туристердің басым көпшілігі алматылықтар екенін және олар Нұр-Сұлтанға әкелінетінін атап өтті. Көбісі үйге тропикалық елдерден оралады. Жылы киімі жоқ. Сол үшін алаңдайды.

"Қамқор" қоры оларды Нұр-Сұлтанда, Hilton Garden Inn Astana қонақүйінде орналастырады. Қонақүй бізге жақсы жеңілдік ұсынды. Содан кейін теміржол тасымалдарының көмегімен біз оларды Алматыға "Тальгомен" жөнелтеміз. Қазір теміржол тасымалдарымен толық байланыс бар. Сондай-ақ, адамдарды түнгі уақытта вокзалға немесе қонақүйге тасымалдау мүмкіндігі бар. Барлық турист бақылауға алынған", - деді Инна Рей.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

"Алматыдан Нұр-Сұлтанға жаяу барады" - әуекомпания видеоға қатысты түсінік берді "Алматыдан Нұр-Сұлтанға жаяу барады" - әуекомпания видеоға қатысты түсінік берді
Қазақстандықтар үшін 25 елге әуе рейстері орындалады Қазақстандықтар үшін 25 елге әуе рейстері орындалады
​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді ​Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді