Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды - "Туристік Қамқор"

Фото ©Shutterstock

Қазір төрт мыңға жуық қазақстандық турист шетелде қалып отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. "Туристік Қамқор" қорының мәліметінше, олардың екі мыңға жуығын Қазақстанға әкелу жоспарланған, ал бүгін 500-600 адам елге оралды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір төрт мыңға жуық қазақстандық турист шетелде қалып отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. "Туристік Қамқор" қорының мәліметінше, олардың екі мыңға жуығын Қазақстанға әкелу жоспарланған, ал бүгін 500-600 адам елге оралды.

"Ертең тағы бір жарым мың адамды әкелеміз деген ойдамыз. 14 қаңтарға дейін екі мың азамат өз кестесі бойынша оралады. Туристерге тұрудың екі нұсқасы ұсынылады. Олар қонақүйлерін қосымша ақыға ұзарта алады немесе Туристік Қамқор төлейтін қонақүйлерге ауыса алады. Сондай-ақ, Таиландта Қазақстандағы жағдайды білгеннен кейін, қонақүйлер қарсы алып, 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынды", - деп атап өтті "Туристик Қамқор" қорының жетекшісі Инна Рей.

Алматы әуежайы қазір жұмыс істемейтіндіктен, рейстердің бір бөлігі Шымкент пен Нұр-Сұлтанға жіберіледі.

Реклама
Реклама

"Елордаға ұшқысы келмейтіндер бар, өйткені суық, өздерімен бірге қолайлы киімі жоқ. Үндістанда бірнеше отбасы тыныш жағдайды күтуге қалды. Қазақстаннан туристерді әзірге ешқайда жібермейміз. Бұл туристерге қатысты мәселе қазір ғана шешіле бастады", - деді ол.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная