"Шексіз қарауға болады". Желіде Алматы маңындағы шатқалда түсірілген видео тарады

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко қала маңындағы Алма-Арасан шатқалында айдың шыққан сәтін түсіріп, ерекше видеоларын бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Кадрларда шатқалдың жасыл төбесінен үлкен айдың қалай көтеріліп, кадрдан кетіп бара жатқанын көруге болады. Жер үстіндегі спутниктің көтерілуін автор уақыт режимінде түсіреді.

Дмитрийдің өзі он бес секундтық бейне үшін ол бес минут бойы түсіргенін айтады. Ол видеона шамамен сағат 17:00-де түсірді.

"Идея өздігінен келді. Мен айды түсіргенді ұнатамын, осындай суреттердің үлкен коллекциясы бар. Алма-Арасанды таңдадым, өйткені таулардың фонында айдың шығуын түсіргім келді. Алма-Арасан - әдемі шатқал, оны дәл осы жерде жүзеге асыруға болады", - дейді ол.

Таймлапста айдың аясында екі бүркіттің пайда болған сәтін көруге болатыны қызықты. Дмитрий бұл кадрлардан бөлек видео жасады. Фотограф мұны шынымен сирек кездесетін сәт деп санайды.

"Он рет қайталап қарадым. Менің ойымша, бұл видеода еркіндік пен ғаламның қандай да бір мәні бар", - деп жазады ол.

Желі пайдаланушылары видеоны бағалады. Олар эмоциясын жасырмайды және осындай әдемі видео үшін алғыс жаудырды:"Керемет", "Тамаша", "Шексіз қарауға болады", "Ғаламның бұл кереметіне шексіз қарауға болады! Осы ләззат үшін рақмет!", "Сиқыр!", "Керемет сұлулық", "Табиғаттың ұлылығы".

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!