Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қызды құтқару сәтінің видеосы жарияланды

Шарын шатқалында селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қызды құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Видео ТЖМ өкілінің youtube-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 мамырда Шарын өзені бойындағы жағалау сызығын шолу әдісімен жерүсті іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 2010 жылы туған қыз табылды.

"Алдын ала мәлімет бойынша қыз жарақат алған, жағдайы орташа ауыр. Зардап шеккен адамға білікті медициналық көмек көрсету үшін "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып Алматы медициналық мекемесіне тасымалдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

Бұған дейін Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың табылғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!