Мысырдың Шарм-әл-Шейх қаласынан келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
19 наурызда 412 қазақстандық анықтамасыз келген. ПТР-тестінің нәтижесі бойынша, Шарм-әл-Шейхтен келген алты жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
20 наурызда Қазақстанға 36 халықаралық әуерейсі келген. Оның ішінде, Мальдив аралдары, Мысыр, БАӘ, Түркия, Грузия, Германия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан бар. Ұшақ бортында 4521 жолаушы отырған. Оның 400-інде анықтама болмаған. Олар тест тапсырды, бүгінде карантин стационарында жатыр.
20 наурызда ұшып келгендер:
- Алматыда - 18 рейс, 2276 жолаушы, анықтамасы бар - 2145, анықтамасы жоқ - 131;
- Нұр-Сұлтанға - бес рейс, 647 жолаушы, анықтамасы бар - 603, анықтамасы жоқ-44;
- Шымкентке - тоғыз рейс, 948 жолаушы, анықтамасы бар - 787, анықтамасы жоқ-161;
- Ақтөбеге - екі рейс, 348 жолаушы, анықтамасы бар - 311, анықтамасыз - 37;
- Ақтауға - бір рейс, 148 жолаушы, барлығы анықтамамен;
- Атырауда - бір рейс, 154 жолаушы, анықтамасы бар - 127, анықтамасы жоқ-27.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!