Семей-Түркістан рейсінің ашылуына не кедергі болып отырғаны айтылды

@Shutterstock

Қазір Шығыс Қазақстан облысында Өскемен әуежайы жұмыс істемейді және жергілікті туристер Түркістанға жету үшін Семей мен Алматы арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл билеттердің бағасын қымбаттатады. Бұл мәселе Қазақстан туристік қауымдастығы ұйымдастырған бейнеконференция барысында көтерілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір Шығыс Қазақстан облысында Өскемен әуежайы жұмыс істемейді және жергілікті туристер Түркістанға жету үшін Семей мен Алматы арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл билеттердің бағасын қымбаттатады. Бұл мәселе Қазақстан туристік қауымдастығы ұйымдастырған бейнеконференция барысында көтерілді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Турагенттер әуе тасымалдаушылармен кездесуде әуе билеттерінің қымбат екеніне және Қазақстанның шығысынан оңтүстігіне - Семейден Түркістанға ыңғайлы рейстердің жоқтығына шағымданды. Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Flyarystan әуекомпаниясының Семей-Түркістан бағыты бойынша рейс ашу жоспарының бар-жоғын сұрады.

"Өскеменде әуежай жабылды. Семей арқылы ұшуға болады. Сондықтан Семейден келген турист Алматыға немесе Нұр-Сұлтанға ұшуға мәжбүр. Алматы жақын болған соң көбіне сол жақтан ұшады. Содан кейін Түркістанға (Нұр-Сұлтан немесе Алматыдан) бөлек билет алу керек. Жолаушыға ыңғайлы болу үшін сіздің әуекомпанияңыздың Семейден (Түркістанға - еск.) тікелей рейс ашу жоспары бар ма? "- деп сұрады қауымдастық директоры.

Реклама
Реклама

FlyArystan компаниясының коммерциялық директоры Жанар Жайлауова жағдайдың неге осылай болғанын түсіндіріп, балама ретінде Семей-Шымкент бағыты бойынша ұшуды ұсынды.

"FlyArystan-ның бес базасы және 10 ұшағы бар. Мұндай инфрақұрылыммен әрқашан ыңғайлы қону мүмкіндігі бола бермейді. Қазір бізде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Түркістанға тікелей рейстер бар. Мүмкіндігінше қосылуға тырысамыз. Бірақ әр ұшақ өз бағдарламасын орындайтынын түсіну керек, сондықтан ыңғайлы бір қала арқылы ұшу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Қазір біз Семей-Шымкент рейсін қостық. Семей-Шымкент бағыты бойынша билет бағасы - 9 000 теңге.

Біз қазірдің өзінде инфотур жасадық, бұл өңірмен тығыз жұмыс істейміз. Сол жерден Түркістанға дейін керемет жол бар. Бағыттарды біріктіріңіз. Алматы мен Нұр-Сұлтан арқылы ұшудың қажеті жоқ. Ол үшін жаңа бағыттар ашамыз: Ақтөбе - Шымкент, Қостанай - Шымкент - солтүстіктің барлық қаласынан қазір оңтүстікке ұшуға болады. Билет құны - 10 мың теңге", - деп жауап берді ұлттық лоукостер өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная