SCAT және Qazaq Air Ресейден Қазақстанға әуе рейстерін жалғастырады

Ресейлік әуекомпаниялар Ресейден Қазақстанға рейстерді тоқтата бастады. Қазір Қазақстанға Ресейден қалай кету туралы мәселе жолаушыларды алаңдатады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі қазақстандық тасымалдаушылардың жоспарын сұрады.

Рейстер күрт қысқарып жатса, Ресейден Қазақстанға қалай кетуге болады. SCAT компаниясының өкілдері ұшу жоспарында әлі өзгерістер жоқ екенін мәлімдеді.

"Біз кесте бойынша Қазақстанның үш қаласынан (Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау) Мәскеуге ұшуды жалғастырамыз. Махачкала және Грозный қаласына Ақтау қаласынан рейстер әлі де бар", - деп хабарлады әуекомпания.

Сонымен қатар, Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейден Қазақстанға рейстерін жалғастыратынын жеткізді.

"Әуекомпания Ресейге рейстерін жалғастырып жатыр. Өзгеріс болып жатса, хабарлаймыз", - деді компания өкілі.

Сондай-ақ, Kaz.tengritravel.kz тілшісі түсініктеме алу үшін "Эйр Астана" мен Fly Arystan әуекомпанияларына жүгінді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!