SCAT бортсеріктердің жаңа формасын таныстырды

SCAT әуекомпаниясы республиканың басты ұлттық мерекесін бортсеріктердің жаңа формасының тұсаукесерімен атап өтті.

Екі түс бірге желдің қозғалысын қайталайтын динамиканы құрайды, ал күміс элементтер көк түстердің күшін теңестіріп, талғампаздық пен сән-салтанат қосады.

Әуекомпанияның жолаушыларға бұрыннан ұнаған туристік рейстерінің фуксия түсті элементтері тасымалдаушының жақсы дәстүрі болып қала береді және қазақстандықтардың сүйікті курорттарының жағасына ұшатын экипаждардың бейнесін толықтырады.

 

SCAT әуекемелерінің динамикалық графикалық қауырсындарының мінсіз дуэті және экипаждардың жаңа келбетінің әсемдігі ұшудың алғашқы сәттерінен бастап жылулық пен жайлылық сыйлайды.

 

"Біз қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Әр үйге бейбітшілік пен жақсылық тілейміз және осы ерекше күнде осындай жағымды жаңалықтарды бөлісуге мүмкіндігіміз бар екеніне қуаныштымыз. Қараша айында сіз біздің әуекемелеріміздің бортында саяхаттау арқылы жаңа форманың сұлулығын бағалай аласыз. SCAT үшін бұл жыл ерекше - шілде айында компания өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Жыл басынан бері SCAT әуекемелері паркі бес жаңа ұшақпен толықтырылды және алдағы айда біз Сиэтлдегі Boeing зауытынан тағы екі жаңа әуекемесін алуды жоспарлап отырмыз. Алда жолаушыларға арналған жаңа бағыттар мен қызметтер бар, олар сізге одан да жағымды саяхат сыйлайды. Бұл бүкілхалықтық мереке барлығына жылулық әкелсін!"- деп атап өтті SCAT.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!