Менің елім 18 желтоқсан 2021 11:18

Сайрам-Өгем ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануар видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Мартин Мекнаровски Фото Мартин Мекнаровски

Түркістан сілеусіні деп аталып кеткен жыртқыш фототұзаққа түсті. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Орталық Азияда ғана кездесетін Түркістан сілеусіні ҚР ЭГТРМ қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді.

1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдімгі сілеусін тұқымдас Түркістан сілеусіні негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен.

Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің Қызыл кітабына енген.

Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.