Саяхатшыларға арналған жаңа сайт оқырмандарға жол тартты - Kaz.tengritravel.kz

Еліміздің қай өңірлерінде болдыңыз? Әлемнің қай елдерінде болу бақыты бұйырды? Егер саусақпен санарлық болса, біз, саяхат туралы мәліметтерге толы Tengritravel.kz порталының қазақша нұсқасы Kaz.tengritravel.kz сайты арқылы сізге көптеген елдерге, өз еліміздің танымал және халық көп біле бермейтін туристік аймақтарға баруға жол сілтейміз. Турист үшін ең басты қағидаларды, яғни баратын аймақтың қауіпсіздік мәселесі, қалтаңыздың қағылмауын қамтамасыз етеміз. Балалармен қайда баруға болады? деген сияқты сұрақтың жауабын да біздің сайттан таба аласыз.

© Белый Александр Владимирович/QazaqGeography

"Менің елім" айдары арқылы табиғи ескерткіштерге, тарихи жерлерге және заманауи сәулет ғимараттарын тамашалай аласыз. Туристік аймақтарға баратын кезде нені білу керектігін, сапардың тиімді болуына үлесімізді қосамыз.

"Жер-жаһан" айдары арқылы қай маусымда қай елге бару керектігін айтамыз. Бағыттарын, міндетті түрде көру керек жерлерді, қандай кәдесый алуға болатын тралы кеңес береміз. Еңбек демалысына қаражатты қалай үнемдеуді, балалармен баруға тиімді демалыс орындарын тізіп жазамыз. Біздің порталда Қазақстан аумағында және шетелге шығатын жаңа әуе рейстері туралы ақпарат табуға болады. Коронавирус пандемиясына байланысты шет елге барарда қандай ережелерді сақтау керектігін ескертеміз.

Қаражігітов Айсұлтан Ғазизұлы/QazaqGeography

"Жол жазба" айдары арқылы сіз саяхаттау локацияларының мән-жайы туралы - қай облыста табиғат фонында селфи түсіруге қолайлы жерлерді нұсқап, шетелдік туристердің біздің елге саяхаты барысында алған әсерімен бөлісеміз.

"Ел көп: таңда" айдарынан әлемде туризм дамыған және дамып келе жатқан елдер туралы біле аласыздар. Ол елдің тарихы, туристер жиі баратын жерлері, асханасы, баға және қауіпсіздік мәселесі сынды саяхатшыға қажет мәліметтер болады.

© Мұхаметжанов Бекежан Болатұлы/QazaqGeography

Сайтымызды жаңа мәліметтермен одан әрі толықтырып, болашақта барлық саяхатшылардың жолбастары, толық мәлімет алуға мүмкіндік беретін сайт боларына үміт артамыз.