Саяхатқа шыға алмай қалғандарды жігерлендіретін корей фильмдері

Корея мәдениеті мен фильмдеріне қызығатын қазақстандықтар үшін Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің Корей мәдени орталығы "Корей киносының онлайн фестивалін" өткізеді , - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Корей киносының онлайн фестивалі 2021 жылғы 21-25 сәуір аралығында өтеді.

Бес күнге созылатын шара аясында Корей мәдени орталығының ресми сайтында 2019 жылғы Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағын" алған, сондай-ақ төрт аталым бойынша 2020 жылғы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған, кәріс режиссері Пон Джунхоның "Паразиттер" атты әлемге әйгілі фильмінің көрсетілімі өтеді.

Бұл фестивальдің мақсаты - Кореямен жақынырақ танысқысы келетін Қазақстан тұрғындарын, негізінен, қазіргі заманғы К-Рор музыка мен дорамалардың арқасында корей кинематографиясын жақынырақ таныстыру. Бұдан басқа, қазір карантинге байланысты қазақстандықтар үшін демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы шектелді және басқа да қоғамдық орындарға бару мүмкін болмай отыр. Сондықтан отбасымен жиналып, фильм көруге қолайлы сәт туып тұр. 

"Біз пандемияға байланысты қазіргін жағдайдың тезірек жақсаруын тілейміз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай осы жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени алмасуы түрлі мәдени іс-шара өткізу арқылы жанданғанын қалаймыз", - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Фильмнің трейлерін мына сілтеме арқылы көруге болады. Толығырақ ақпарат Корей мәдени орталығының сайтында жарияланған.  

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!